Бір компонентті нәжісқабылдағыш Beestox, дренаждалатын және дренаждалмайтын, әр түрлі орындалу нұсқаларында
Сипаттамасы
1 орындалу нұсқасы: Нәжісқабылдағыш бір компонентті дренаждалмайтын гидроколлоидты адгезивті пластина орнатылған, тесігі 10-80 мм, екі жағынан тоқылмаған төсемімен, карбон сүзгісінсіз.
2 орындалу нұсқасы: Нәжісқабылдағыш бір компонентті дренаждалмайтын гидроколлоидты адгезивті пластина орнатылған, тесігі 10-80 мм, екі жағынан тоқылмаған төсемімен, карбон сүзгісімен.
3 орындалу нұсқасы: Нәжісқабылдағыш бір компонентті дренаждалатын гидроколлоидты адгезивті пластина орнатылған, тесігі 10-80 мм, тоқылмаған төсемімен екі жағынан, карбон сүзгісінсіз, қысқышымен.
4 орындалу нұсқасы: Нәжісқабылдағыш бір компонентті дренаждалатын гидроколлоидты адгезивті пластина орнатылған, тесігі 10-80 мм, екі жағынан тоқылмаған төсемімен, карбон сүзгісімен, жабысатын ілгегімен.
5 орындалу нұсқасы: Нәжісқабылдағыш бір компонентті балаларға арналған дренаждалатын гидроколлоидты адгезивті пластина орнатылған, тесігі 10-50 мм, екі жағынан тоқылмаған төсемімен, карбон сүзгісінсіз, қысқышымен.Құрамы
Дренаждалмайтын нәжісқабылдағыш бір рет пайдалануға арналған, босатуға болмайды.
Дренаждалатын нәжісқабылдағыш ыдысында ішіндегісін кетіруге және нәжісқабылдағышты стомадан шешпестен жууға көмектесетін пластик ілгек-қысқыш немесе жабысатын ілгегі болады.
Қапшыққа жағымсыз иістерді кетіретін көмір сүзгісі орнатылған және қапшық қабырғасының жабысуын болдырмастан газдардың қайтуын қамтамасыз етеді.Қолдану жөніндегі нұсқаулық
1. Жалпы нұсқаулар: стома маңындағы теріні жылы сумен немесе физиологиялық ерітіндімен тазартыңыз.
2. Өлшемі стома өлшеміне сәйкес келетін немесе аздап артық тесік қиып алыңыз.
3. Теріге бекіткен кезде бөліністердің ағып кетуін болдырмас үшін стомаға бинт қойыңыз.
4. Дренаждалатын нәжіс қабылдағыш үшін:
- Қысқышты ашыңыз.
- Қапшықтың ұшын өзіңізге қарай бұрып қысқышпен бұраңыз.
- Нәжісқабылдағыш қысқышын жабыңыз.
5. Жалпы нұсқаулар: Қорғаныш қағаз жабындарын шешіңіз.
Желімді пластинаның жоғарғы бетінен мөлдір үлбірді сол кезде, немесе нәжісқабылдағышты жабыстырғаннан кейін шешуге болады. Нәжісқабылдағыш стома маңындағы теріге жабыстырылады. Төгетін клапаны нәжісқабылдағыш бекітілгенге дейін жабық тұруы тиіс.
6. Нәжісқабылдағышты пластинасымен стома маңына қойыңыз және адгезивті пластинаны теріге мұқият басыңыз. Сенімді жабысуын қамтамасыз ету үшін, оны теріге тығыздап баса отырып, пластинаны төменнен жоғары қарай мұқият тегістеңіз.
7. Бір компонентті дренаждалатын нәжісқабылдағыш теріден ажыратылмастан босатылады. Дренажды тесікті ашып және қаптың ішіндегісін абайлап унитазға төгіңіз. Қапты босатқаннан кейін дренажды тесікті жабуды ұмытпаңыз.
8. Жалпы нұсқаулар: Нәжісқабылдағышты жоғарғы жағынан төменге қарай ажырата отырып, сонымен бірге екінші қолыңызбен пластина маңындағы іштің терісін тарта отырып, ақырындап алу керек. Терінің механикалық зақымдануларын болдырмас үшін пластинаны жұлқып ажыратуға болмайды.
9. Дренаждалатын нәжісқабылдағыштарды утилизациялар алдында босату қажет.
Жалпы нұсқаулар: Нәжісқабылдағыштарды утилизациялау үшін полиэтиленді пакеттерді пайдалану қажет.
Нәжісқабылдағышты унитазға тікелей тастауға болмайды.
Жергілікті талаптарға сәйкес утилизациялау керек.
10. Дренаждалмайтын нәжісқабылдағыштар үшін: қайтадан пайдалануға жол берілмейді.
Дренаждалатын нәжісқабылдағыштар үшін: келесі пайдаланғанға дейін нәжісқабылдағышты тазартыңыз және кептіріңіз.
ИнструкцияСақтау шарттары
Жақсы желдетілетін бөлмеде, ауасының салыстырмалы ылғалдылығы 80% азырақ, -10ºС-ден 40ºС-ге дейінгі температурада, агрессиялық газдардан аулақ жерде сақтау керек.
Жарамдылық мерзімі
3 жыл
Жіберу шарттары
дәрігердің рецептісінсіз
Өндіруші
Қытай