Компания туралы

Басты бет/Компания туралы

«Биола»  медициналық фармацевтикалық компаниясы – Шығыс және Батыс Еуропа, АҚШ, Үндістан және Қытай елдерінің ірі деген өндіруші зауыттары жасап шығарған бұрын соңды болмаған жоғары сапалы дәрі-дәрмек препараттарын, тағамның биологиялық белсенді қоспаларын, медицина мақсатындағы өнімдерді, парамедицина өнімдерін, ілеспе тауарларды және косметикаларды Қазақстан нарығына жеткізетін беделді компаниялардың бірі. «Биола» компаниясы жұмыс жасайтын барлық жеткізушінің ISO және GMP сертификаттары бар. Барлық өнімдер компанияға тиесілі тіркелген әрі қорғалған тауар белгілерімен нарыққа жеткізіледі.

«Биола»  медициналық фармацевтикалық компаниясы 1996 жылы, яғни Қазақстанның фармацевтикалық нарығы қарқынды дамып, қалыптасқан кезінде ұйымдастырылды. Компания атауының түбірі Bio сөзінен тұрады (грек тілінен аударғанда Bios – өмір).  

Бүгінгі күні «Биола»  - бұл фармацевтика нарығындағы өзгерістер мен сыртқы экономикалық дүмпүлерге белсенді түрде төтеп беретін серпінді маркетингтік компания.

Компания қоржынында мінсіз іскерлік атақ-дәрежесі үшін «INSAM» Жоғары бизнес және басқару институтының (Женева, Швейцария) алтын медалі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және әртүрлі қоғамдық қорлар табыстаған алғыс хаттар бар.

Қазақстандық тұтынушылар «Biogloves®» қолғаптары, «Bioset®» және «Bioscalp®» жүйелері, «Bioject®» шприцтері, жүктілікті анықтайтын «Би-Тест» тесттері, артериялық қысымды өлшеуге арналған «Biopress®» құралдары, «Biotherm®» термометрлері, «Аджисепт®»  «АртроСтоп», «Простенал», «Лецитин», «Уринал» тағамның биологиялық белсенді қоспалары сияқты біздің басқа да көптеген өнімдерімізбен жақсы таныс.

Нарықта біздің өнімдерімізді ойдағыдай дамытуда қолданылатын басты қағида – олардың бағасы мен сапасының оңтайлы арақатынасы әрі оларға деген сұраныс.

Бірақ біз осымен тоқтап қалмаймыз. Бүгінгі күні кешенді әрі жүйелі әдістің көмегімен ғана сапаны қажет деңгейге жеткізуге болатын болғандықтан, «Биола» компаниясы ISO 9001:2008 стандартты сапаны басқару саласында көпшілікке белгілі үлгіні енгізіп, қалыпты күйде ұстайды.

 

2017 жылы Биола компаниясы дәрі-дәрмек құралдарын пайдалану саласындағы қойма кәсіпорындары мен дистрибуция үшін халықаралық сапамен қамтамасыз ету жүйесінің стандарты - Тиісті Дистрибьютерлік Практикаға (GDP) сәйкестендіру сертификаттауынан сәтті өтті.

Біз өз клиенттеріміздің қажет заттарын үнемі зерттеп тұрамыз, олардың ағымдағы қажеттіліктерін білеміз әрі олардың болашаққа деген талаптары мен үмітіне болжам жасауға ұмтыламыз. Сондықтан, біз, әдеттегідей, бүгінгі күні өз өнімдеріміздің сұрпын үнемі кеңейтіп отырамыз.

Бізбен бірге болыңыз! Біз Сіздің қолдауыңызға алғыс білдіре отырып, болашақта өзара тиімді ынтымақтастық қатынастың болатынына сенеміз.

 

Құрылтайшы        А.М.Лившиц

 

Сіз не іздеп жүрсіз?
РусҚазEng